Қазақстандық каратешілер Испанияда бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Каратеден Қазақстан командасы Испанияның Мадрид қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.
<span>Жиынға әлемнің он мемлекетінен алпыстан аса спортшы қатысуда. Олардың қатарында Жасталап Санауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да бар. </span>
<span>Бірлескен жаттығу жиынына Қазақстан атынан 9 спортшы қатысуда. Олар – Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова мен Дархан Асаділов, Азиада жүлдегері Данияр Юлдашев пен Дидар Әмірәлі және халықаралық сындарда көзге түскен Қазақстан командасының өзге де мүшелері. </span>
<span>Аталған жиын 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін биылғы маусымдағы Премьер-лиганың соңғы кезеңі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или