WESG 2019 Central Asia: «SYMAN Gaming» түркіменстандық команданы жеңді

WESG 2019 Central Asia: «SYMAN Gaming» түркіменстандық команданы жеңді

WESG 2019 Central Asia турнирінде қазақстандық CS:GO командасы «SYMAN Gaming» түркіменстандық «Galkynysh» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

«SYMAN Gaming» пен «Galkynysh» арасындағы ойын 16:3 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Араға аз уақыт салып, «SYMAN Gaming» тәжікстандық «Project Major» командасымен күш сынасады. 

Айта кетейік, WESG 2019 Central Asia - Алматыда өтіп жатқан турнир. Бұл турнир WESG 2019 APAC әлемдік сынына іріктеу жарысы саналады. 

WESG 2019 Central Asia турнирінлде әр жарыс түрінен 2 жеңімпаз WESG 2019 APAC-ға жолдама алады. Әрі бірінші орын иесі 1 миллион теңге, екінші орын иегері 500 мың теңге сыйақы алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или