Бокс

15 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

15 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 қазақстандық боксшы чемпионаттың 1/2 финалына шықты. Бұл боксшылардың қатарында 9 жігіт және 6 қыз бар.

Жартылай финалға жеткен жігіттер: Базарбайұлы Мұхаммедсабыр (49 келі), Махмуд Сабырхан (52), Бейбарыс Жексен (56), Дархан Дүйсебай (64), Марғұлан Айдарұлы (69), Азамат Бектас (75), Ерасыл Жақпеков (81), Тоғамбай Сағындық (91) және Сабырғали Аманат (+91).

Қыздар - Анель Сакыш (51 келі), Ұлжанай Мамутова (60), Мая Бейсебаева (69), Арайлым Бақытжанқызы (81) және Гүлсая Ержан (+81).

Бұған дейін 8 боксшымыздың 1/2 финалға жолдама алғанын жазған едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер