Токио Олимпиадасында жүлдегерлерге табысталатын гүл шоқтары таныстырылды
Токиода 2020 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жүлдегерлерге берілетін гүл шоқтарының жобасы таныстырылды.
Ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, гүл шоқтарына 2011 жылғы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен аймақтарда өскен гүлдер қолданылады. Жеңімпаздарға табысталатын гүлдер ашық және қанық түстерден болмақ.
Сондай-ақ, гүлшоғына Олимпиада және Паралимпиада ойындарның бойтұмарлары бекітіледі.
Гүл шоғын дайындау кеңесінің жетекшісі Нобуо Исомураның айтуынша, аталған аймақтарда өсірілген гүлдерді таңдау арқылы жапондықтар әлем халқына қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізбек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или