Қазақстан шахматшылары олимпиадада үздік нəтиже көрсетті

Қазақстан шахматшылары олимпиадада үздік нəтиже көрсетті

28 қазан мен 6 қараша аралығында Түркияның Чорум қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан олимпиада өтті.

<span>Əлемнің 48 елінен келген біріншілікте қазақ шахматшылары 9 ойынның тек біреуінде ғана ұпай санымен ұтылып, Əзірбайжан, Өзбекстан жəне Белорусь құрамаларынан кейінгі 4-орынға ие болды. Бұл жасөспірімдер құрамасының ең үздік нəтижесі.</span>

<span>Бəсекеге əр командадан 3 ұл мен 1 қыз, жалпы 4 ойыншыдан қатысты. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева (ерлер арасында ойнады), Арыстан Исанжулов және Назерке Нұрғали қатысты.</span>

<span>Жекелеген көрсеткіш бойынша қыздар арасында Нұрғали Назерке - екінші, Бибісара Асаубаева 3-ші орынды иеленді. Ал ерлер арасында Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанса, Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.</span>

<span>«Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең үздік нәтижесі. </span>Алайда көрсеткішімізді бұдан да жақсартқымыз келген. Тек кейбір кездесулерде ойыншыларымызға сәттілік жетіспей жатты. Енді келесі олимпиадада осы нəтижеден кем түспеуге барымызды саламыз», - деді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или