Нариман Курбанов Котбустағы лицензиялық әлем кубогына қатысады
19-25 қараша күндері Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді.
<span>Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким аталған турнирге қатысатын спортшылар тізімін атады. Германия төрінде Аким Мусаев, Милад Карими және Нариман Курбанов сынға түседі. </span>
<span>Карими мен Мусаев көпсайыста бақ сынаса, Курбанов гимнастикалық ат снарядында өнер көрсетеді.</span>
<span>Айта кетелік, Германияның Штутгарт қаласында аяқталған әлем чемпионатынан кейін қазақстандық гимнастар ірі жарысқа алғаш рет қатысқалы отыр. </span>
<span>Әзірге, Олимпиада ойындарының жолдамасы Милад Каримиде бар. Ал қалған спортшылар әлем кубогінің төрт кезеңінде үздіктер қатарынан көрінуге тырысады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или