Қазақстандық семсерлесуші әлем кубогына қатысады
1-3 қараша күндері Эстонияның Таллин қаласында семсерлесуден әлем кубогі өтеді. Әйелдер арасындағы шпагадан өтетін сайысқа Қазақстан құрамасынан Ульяна Балаганская қатысады.
<span>Биыл 50-ші рет ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Әлемнің 50 елінен 284 спортшысы семсерлеседі деп жоспарланған. </span>
<span>«Таллин қылышы» атағын алған турнир Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады. </span>
<span>1-2 қараша күндері жекелей сайыстар өтсе, 3 қарашада командалық сайыстың үздіктері анықталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или