Амантайұлы каратэден жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды
23 қазан күні Чилидің Сантьяго қаласында каратеден кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span> Әлемдік додадағы алғашқы жүлдені Рауан Амантайұлы жеңіп алды. Қазақстандық спортшы «ката» санатында сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. </span>
<span>Бұл аталған санат бойынша қазақ каратесінің тарихындағы алғашқы жүлде саналады. </span>
<span> Алтын жүлдені түркиялық Фуркан Қайнар, күмісті мысырлық Хусейн Мохамед, тағы бір қола медальді венесуэлалық Фернандо Замбрано еншіледі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или