Головкин - Деревянченко: Кездесу апталығы басталды

Головкин - Деревянченко: Кездесу апталығы басталды

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек апталығы ресми түрде басталады, деп жазады Prosports.kz.

Боксшылар мен олардың командасы жексенбі күні таңертең өтетін жекпе-жекке дейін арнайы кесте бойынша дайындалатын болады.

GGG vs Деревянченко

Жекпе-жек алдындағы аптаның кестесі

1 қазан

Боксшылар Madison Square Garden-де ашық жаттығу өткізеді. Бұл шараның басталуы Нұр-Сұлтан уақыты 22:00-ге жоспарланған.

3 қазан

3 қазанда баспасөз конференциясы өтеді.

4 қазан

Ресми салмақ өлшеу рәсімі. Манхэттен орталығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен сенбіге қараған түні 2:00-де).

6 қазан (жексенбі таңертең)

Головикн vs Деревянченко бокс кешінің басталуы

Естеріңізге сала кетейік, Головкин осыдан бір күн бұрын Нью-Йоркке келген болатын.

* Кестеде Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілді

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде тағы бір титул сарапқа салынады

Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или