«Аят» пен «Горняк» онкологиялық науқасты емдеуге ақша жинады

«Аят» пен «Горняк» онкологиялық науқасты емдеуге ақша жинады

«Аят» футзал клубы мен «Горняк» хоккей клубы қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа көмектесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы Адистің анасы Эльвира Джаманкулова «Аят» кәсіби клубынан көмек сұрады. Спортшылар мен қызметкерлер шетте қалмай, жігітке емделуге өз қаражаттары есебінен 500 мың теңге бөлді. Қаражат жинауға шамамен 150 адам қатысты.

- Қайғы әрқашан біріктіреді. Осыдан үш күн бұрын клуб директоры Қайрат Қазбеков бізден өз өмірі үшін күресіп жүрген жас жігітке көмектесуді өтінді. Біздің барлық жігіттер бірден жауап берді. Жиналған қаражат жігіттің емеделуіне көмектесе алады деп ойлаймыз, біз бәріміз дұға етеміз», - деді <span>«Горняктың»</span> бас бапкері Евгений Зиновьев.

Айта кетейік, Аддис қазір Ыстамбұлда емделіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или