AVANGAR үздік үштікке енді
Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы HLTV рейтингісінде үздік үштікке енді , деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әлемнің ең үздік командаларының рейтингісі 23 қыркүйек күні жаңартылды.
Нәтижесінде, капитан Али Jame Джами бастаған қазақстандық ойыншылар үшінші сатыға жайғасты. Олардың алдында Astralis және Team Liquid командалары көшбастап тұр.

ТМД аймағы бойынша тізімде АВАНГАР көшбастап тұр. Одан кейінгі орында Natus Vincere және ForZe сәйкесінше екінші және үшінші орындарда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или