AVANGAR ECS турнирінің бірінші финалында жеңіске жетті

AVANGAR ECS турнирінің бірінші финалында жеңіске жетті

Қазақстандық AVANGAR командасы  ECS 8-ші маусымның бірінші финалында Forze ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Ресейлік командаға қарсы матчта AVANGAR 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық ұжым 12,5 мың доллар сыйақы алып, турнирдің LAN-финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.</span>

<span>Бұған дейін </span>AVANGAR командасы BLAST Pro Series Moscow 2019 турнирінде жеңімпаз атанған еді. Алты ұжым өзара бақ сынасқан жарыста AVANGAR мықты шығып, 125 мың долларды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ AVANGAR 21-24 қараша күндері Қытай елінде өтетін Asia Championships 2019 турниріне шақырту алды.  Қазақстандық ұжым жарысты бірден топтық кезеңнен бастайды. Сондай-ақ беделді турнирге AVANGAR-дан бөлек ENCE, MIBR және NRG Esports секілді әлемге танымал командалар шақырту алған екен. Өзге қатысушылар іріктеуден өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры $500 мыңды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или