Балуандарымыз Әлем және Азия чемпиондарына қарсы белдеседі

Балуандарымыз Әлем және Азия чемпиондарына қарсы белдеседі

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қорлан Жақанша (55 келі) мен Алмат Кебіспаев (63 келі) жартылай финалда белдесуге мүмкіндік алды. 

Жақанша финалға жолдама алу үшін әйгілі әзербайжандық әлем чемпионы <span>Эльдениз Азизлиден айла асыруы тиіс. Азизли өткен жылы Будепеште өткен жаһандық додада топ жарған болатын. Сондай ақ Еуропа чемпионы деген атағы да бар. </span>

<span>Кебіспаевтың келесі қарсыласы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері жапондық Ото Шинобу. Өткен жылы Азия чемпионатында да қарсылас шақ келтірмей, үздік атанған болатын. </span>

<span>Айта кетейік, Демеу Жадраев (72 кел) неміс балуаны Видмаерден ұтылған еді. </span>

<span>Мақсат Ережепов болса ширек финалда әзербайжандық Рафик Хусейновқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады. </span>

Жартылай финалдық белдесулер елорда уақыты бойынша 18:00-де басталады. 

 

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының қызықты деректері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или