ММА

Арман Әшімов Нұр-Сұлтанда титулды жекпе-жек өткізеді

Арман Әшімов Нұр-Сұлтанда титулды жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақтандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әшімов (10-3-1) келесі қарсыласының есімін білді, деп хабарайды Prosports.kz.

Арман Нұр-Сұлтанда 19 қазан күні өтетін М-1 Challenge турниріне қатысады. Қазақстандық файтер 56 келіге дейінгі салмақтағы уақытша чемпион канадалық Крис Келадеспен кездеседі.

Арман Әшімов жеңіске жетсе бұл салмақтағы чемпион Александр Доскальчукпен төбелесуге мүмкіндік алады.

Ел астанасында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Морозов пен американдық Джош Реттингхауз жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Әшімов соңғы кездесуін 30 тамыз күні Орынборда өткізіп, бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосты жеңген болатын.

Арман Әшімов: Әйелім тоқал алуыма қарсы емес

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер