Сергей Морозов 19 қазанда титулын қорғайды

Сергей Морозов 19 қазанда титулын қорғайды

19 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында ресейлік M-1 Global компаниясы M-1 Challenge 105 турнирін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Сергей Морозов өнер көрсетеді. Жеңіл салмақ санатында (62 келі) M-1 Global чемпионы Морозов чемпиондық атағын қорғайды.

Кештің тағы бір негізгі жекп-жегінде Арман Әшімов бақ сынайды. Оның қарсыласы канадалық уақытша чемпион Крис Каледас болмақ. Бұл жұптың жеңімпазы Александр Доскальчукпен кездесуге мүмкіндік алатын болады.

Айта кетейік, Арман Әшімов Орынборда өткен M-1 Challenge 104 турниріне қатысқан болатын. «Мұстафа Өзтүрік» ол кеште бразилиялық Флавио Да Сильв Сантосты төрешілердің шешімімен жеңді.

Ал Сергей Морозов 28 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен M-1 Challenge 102 турнирінде ресейлік Александр Осетровты техникалык нокаутпен жеңіп, M-1 Global чемпиондық белдігін таққан болатын.

Нұр-Сұлтанда M-1 Challenge турнирі өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или