Видео. ҚПЛ: «Ақтөбе» маңызды жеңіске жетті

Қазақстан премьер-лигасының 25-турында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңыда «Ақтөбеден» ұтылып қалды, деп жазады Prosports.kz.
Матчтың 17-минутында қонақтардың шабуылшысы Абат Айымбетов көзге түскен болатын. Араға төрт минут салып, қызылордалық «қасқырлардың» қорғаушысы Александр Марочкин тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Бұл, әрине ақтөбеліктерге қол еді. «Қайсар», жалпы осы ойында жиі тәртіп бұзумен болды. Бірінші таймның ортасынан бастап, соңына дейін 9 минуттың ішінде Битанг, Барсегян және Тағыбергендерге сары қағаз көрсетілді. Матчтың 62 және 78-минуттарында Айымбетов хет-трик жасап, ойын қаһарманы атанды. Алаң иелері сапынан армениялық Тигран Барсегян бір доп соғып, командасының абыройын сәл де болса сақтап қалды деуге болады.
«Қайсар» 37 ұпаймен алтыншы орында тұрса, «Ақтөбе» 6 ұпаймен көш соңында тұр.<br />ҚПЛ. 25-тур.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Ақтөбе» - 1:3.
Голдар: 84, Барсегян - 17, 62, 78, Айымбетов <br /> 84’ Барсегян
Ескерту алғандар: 21, Марочкин – қызыл қағаз, 34, Битанг, 42, Барсегян 43, Тағыберген – 27, Сахибов, 55. Таңжарықов.
31 тамыз. Қызылорда.