Азия ойындарының жеңімпазы атақты әншінің қарындасымен үйленеді
Джиу-джитсудан Азия ойындарының жеңімпазы Дархан Нортаев үйленгелі жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Джиу-джитсудан 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшының болашақ жары да танымал отбасының қызы екен. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, чемпион атақты әнші Төреғали Төреәлінің қарындасын жар еткелі отыр.
Жақында спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында сүйіктісінің отбасымен танысқанын растайтын фото жариялады.
- Осындай керемет отбасымен танысқаныма Аллаға шүкір етемін, - деп жазды Нортаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или