Баландин әлем чемпионатының финалында жүзеді
Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.
<span>Баландин аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жалпы есепте 11-ші орынға тұрақтады. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) түйіндеді. </span>
<span>Айта кетелік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылай финал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или