«Астана» Андорраның ауылынан шыққан клубтан айласын асыра ала ма?

«Астана» Андорраның ауылынан шыққан клубтан айласын асыра ала ма?
news-banner7
mobile-news-top

23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні «Астана» футбол клубы Андорра чемпионы - «Санта-Колома» командасымен кездеседі.

Бұл ойын Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткелі отыр.

Екі команда да жарыс жолын чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған. «Астана» бірінші кезеңнен сүрінсе, «Санта-Колома» алдын-ала іріктеу кезеңінде жеңілске ұшырады. Енді қос команда бағын Еуропа лигасында сынап көрмек.

«Астана» футболшылары Андорраға қалай жетті

Prosports.kz сайты астаналық клубтың бүгінгі қарсыласы туралы аз-кем мағлұматты назарларыңызға ұсынады.

«Санта-Колома» Испания мен Франция арасында орналасқан Пиреней тауының етегінде орналасқан Андоррра еліндегі 3 мыңдай халқы бар Санта – Колома ауылының намысын қорғап жүрген клуб. Өз Отанында танымал аталмыш клуб ел біріншілігін 13 рет ұтып алған. Алайда, еурокубок ойындарында жоғары жетістігімен жанкүйерлерін қуанта алмай келеді.

«Санта-Колома» клубының бюджеті 130 мың еуроны құрайды. «Астана» УЕФА рейтингісінде 57-орында тұрса, бүгінгі қарсылас 233-ші орында.

Роман Григорчук: Қарсыласқа үлкен құрметпен қараймыз

Андорралық клуб сапында жартылай кәсіпқой футболмен айналысатын жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Испанияның әр түрлі дивизиондарында өнер көрсеткен бірнеше ойыншылар бар.

«Санта-Коломада» ұлттық құрама сапында ойнайтын футболшылар бар. Солардың бірі – Хорди Алаэс былтыр 9 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясындағы Андорра құрамасының Қазақстанмен өткізген кездесуде гол соқты. Нәтижесінде екі құрама 1:1 есебімен тең түсті.

«Санта-Колома» – «Астана» матчы 23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты cағат 00:00-де басталады. Ойын тікелей эфирде YouTube желісінде көрсетіледі. Сілтеме матч уақыты жақындағанда жарияланады.

«Санта-Колома» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер