Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңдері өтті.

Қазақстандық Әділбек Мусин 01.58.58 уақыт көрсеткішімен өз тобында екінші орын алды. Ал жалпы іріктеу кезеңінде 25-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ.

Десе де, Мусин осы нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрынғы рекорд да Мусинге тиесілі болатын. Ол АҚШ-та өткен жарыста 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 1.59.48 нәтижесін тіркеді.

Айта кетелік, бұл Әділбектің әлемдік сындағы екінші рекорды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден де ел рекордына түзету енгізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или