Көркем гимнастикадан ӘЧ: Таниева таңғалдырды
<span>Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионаты мәресіне жетті. </span><span>Әлемдік сыннан Қазақстан құрамасы да сырт қалған жоқ, деп жазады Olympic.kz. </span>
<span>Эльжана Таниева секіртпемен жаттығуда финалға жолдама алып, жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Ол 14.200 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Бұл сында жүлделі үш орынды Ресей, Италия және Әзербайжан спортшылары иеленді. </span>
<span>Доппен жаттығуда финалға өткен Сабина Бакатова 17.750 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Бұл жаттығуда Ресей, Әзербайжан және Израиль спортшылары өзара жүлде бөлісті. Топтық жаттығудан көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан 18-ші орын алды. Ал командалық сында біздің спортшылар 13-ші орында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или