Семсершілеріміз әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

Семсершілеріміз әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

<span>Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық шпагашылар командалық сынды аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</span>

Жарыс нәтижесі бойынша біздің шпагашылар оныншы орын иеленді. 1/8 айналымда өткен тартысты кездесуде Қазақстан командасы 44:45 есебімен Ресейге жол берді.  Кейін 45:44 есебімен АҚШ құрамасын және 41:40 есебімен Венгрияны жеңді.  Ал Жапония командасына қарсы өткен кездесуде біздің шпагашылар 44:45 есебімен ұтылып, 10-шы орынға тұрақтады.  

Командалық бәсекеде Қазақстан атынан Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин және Вадим Шарлаимов сынға түсті.  Ал шпагадан командалық сынға 42 құрама қатысқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или