Баландин Токио Олимпиадасына екінші жолдамасын алды
Бүгін, 21 шілде күні, Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадсының нормативін орындады.
100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады.
Бұл Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или