Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда өтеді

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда өтеді

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

<span>Чемпионат екі күнге созылады. 24 тамызда кәсіпқой спортшылар, 25-інде - әуесқойлар сынға түседі. </span>

<span>Қатысушылар 1500 метрді жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс. </span>

<span> Чемпионатқа қатысу ақылы негізде болмақ. Федерациядан лицензия алғандар үшін қатысу 10 мың теңге, ал ондай құжаты жоқтарға – 14 мың теңге төлеуге тура келеді. Оған медициналық сақтандыру, қатысушының қапшығы енеді. </span>

<span>Қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 20 тамызында аяқталады. Қатысушылар өзімен бірге велосипед пен шлем ала келу керек.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или