Томас Бах Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды
<span>Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті. </span>
<span>Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті. Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или