Қазақстан командасы Азия чемпионатына аттанады
19-21 шілде аралығында Ташкентте каратеден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған бәсекеге Қазақстан командасы да қатысады.
16-шы Азия біріншілігін Ташкентте өткізу туралы шешім осыдан екі жыл бұрын Нұр-Сұлтанда өткен құрлық біріншілігінде қабылданған болатын. Өзбекстан астанасындағы бәсекеге 32 мемлекеттен 330 спортшы қатысады деп күтілуде.
Азия чемпионатының қорытындысы спортшылардың олимпиадалық рейтингтегі жағдайына тікелей әсер етеді. Сол себепті, олимпиада жолдамасынан үмітті каратешілер Ташкентке тегіс жиналмақ. Құрлық додасындағы Қазақстанның басты қарсыластары – Жапония, Иран, Қытай, Өзбекстан, Иордания және Сауд Арабия құрамалары.
Сары құрлық біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды. Командаға негізінен Олимпиада жолдамасынан үмітті спортшылар шақыртылған. Олимпиадалық рейтингте ТОП-50 қатарына енетін каратешілер Азия чемпионатында бақ сынайды. Біріншілік қарсаңында каратеден Қазақстан командасы АІВА Академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізді.