Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы өтіп жатыр

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы өтіп жатыр

<span>Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS құрлықтық кубогі басталды. К-125 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко қола медаль иеленді. </span>

<span>Ткаченко 260.5 ұпаймен үздік үштікке еніп отыр. Бірінші орынды австриялық Максимилиан Лейнхер (270.1) иеленсе, екінші орынды жапондық Наоки Накамура (268.4) еншіледі. </span>

Тағы бір қазақстандық спортшы Сабыржан Мүмінов 14-ші сатыға тұрақтады. Қазақстан соңғы 15 жылдан бері алғаш рет құрлықтық кубок бәсекесінде жүлде алып отыр. 2004 жылы Германияда өткен турнирде Радик Жапаров қола жүлдегер атанған болатын.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или