Футзал

«Спортинг» ойыншысы денесіне «Алматы Аренаның» суретін салдырды

«Спортинг» ойыншысы денесіне «Алматы Аренаның» суретін салдырды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан чемпиондар лигасын жеңіп алған португалиялық «Спортинг» ойыншысы Эрик Қазақстанды мәңгі есте сақтауға бел буды, деп жазады Prosports.kz.

Ойыншы чемпиондар лигасының финалдық матчтары өткен «Алматы Аренаны» денесіне өрнек (татуировка) етіп салды.

Бұл туралы УЕФА-ның Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Алматыда өткен чемпиондар Лигасының «Төрттік финалында» лиссабондық «Спортинг» ақтық сында жергілікті «Қайратты» жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер