Әсел Серікбай Азия чемпионы атанды
Индонезияның Соло қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы Әсел Серікбай классикалық шахматтан құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Отандасымыздың сары құрлықтың 9 елінен келген 36 шахматшыны шаң қаптырып кетті.
Сонымен қатар, Әсел Серікбай турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер атағын алды.
Айта кетейік, кезекті Азия чемпионатына 70 спортшы қатысты. Оның 34-і ерлер, 36-ы әйелдер. Қазақстан құрамасынан үш шахматшы: Сұлтан Аманжол, Әсел Серікбай және Назерке Нұрғали бақ сынады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или