Құрбанов спорттық гимнастикадан Универсиада жүлдегері атанды
<span>Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан күміс жүлдегер атанды.</span>
<span>Жерлесіміз іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған болатын. Финалда ол 14.700 ұпай жинап, күміске қол жеткізді. Алтын медаль 15.400 ұпаймен топтан қара үзіп кеткен тайпейлік Ли Чи Кайдың еншісінде.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или