Таэквондодан жастарымыз Азия чемпионатына қатысады

Таэквондодан жастарымыз Азия чемпионатына қатысады

20 шілде күні Иордания астанасы Амманда таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Аталған сынға Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады.

<span>Қазіргі сәтте жасөспірімдер құрамасы Нұр-Сұлтанда соңғы жаттығу жиындарын өткізуде. Команда бас бапкері – Дәуренбек Ризаев.</span>

<span>«Азия біріншілігінде барлық салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаймыз. Спортшыларымыз бабында. Бірнеше халықаралық турнирлерде команда мүшелері сәтті өнер көрсетуде. Сол себепті, жүлдеден үміттіміз. Бүгінде біздің жас таеквондошылар Азиядағы үздік бестік қатарына кіреді. Енді осы деңгейімізді тағы бір дәлелдеу керек», - дейді Ризаев.<br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или