16 қазақстандық команда OPPO R.T.K Series турнирінің финалына өтті

16 қазақстандық команда OPPO R.T.K Series турнирінің финалына өтті

16 үздік қазақстандық команда OPPO R.T.K Series турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 маусымда іріктеу кезеңінен 24 команданың ішінен 16-сы үздік шықты. Тізімде Avangar көш бастап тұр.

Келесі кезең 29-30 маусым аралығында өтеді. Екі күннің ішінде финалистер Sanhok, Miramar және Erangel карталарында ойнайды.

Нәтижесінде әр өңірден ең күшті 4 команда турнирдің гранд-финалына жолдама алып, 50 мың долларды сарапқа салады.

Басталуы - елордалық уақыт бойынша <span lang="kk"><span>19:00-де.  PUBG MOBILE RUSSIA каналында тікелей эфирде көре аласыз. </span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или