Avangar командасы Қазақстанның үздік киберспортшысы қосылды
Avangar командасы Бектияр Fitch Бақытовтың орнына кім келгенін ресми хабарлады.
Оның орнына Қазақстанның үздік киберспортшысы Дәурен Adren Қыстаубаев келді. Осыдан бір ай бұрын Faze Clan командасымен қош айтысқан болатын. Ол бұл команданың сапында ELEAGUE Invitational 2019 және BLAST Pro Series Miamі турнирлерінде топ жарды.
Дәурен AdreN Қыстаубаев жанкүйер қауымға Gambit Esports командасының сапында жүргенде танылды. Gambit Esports ұжымымен Польшаның Краков қаласында өткен PGL Major Krakow 2017 әлем біріншілігінде күтпеген жерден CS:GO ойынынан чемпион атанды. Сонымен қатар, Virtus.pro, Astana Dragons, HellRaisers,"dAT Team және HS.GG сияқты командалардың сапында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или