Дзюдошы Ғалия Тынбаева - Еуропа кубогының жеңімпазы
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Мажарстанның Пакс қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды.
<span>48 келі салмаққа дейінгі кубок финалында Ғалия өз отандасы Ақмарал Науатбектен басым түсті. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін турнирдің бірінші күні Нұрзат Сәлімбаев қола медальді иеленген болатын. </span>
<span>Еске сала кетейік, Пакстағы Еуропа кубогы 22 маусымда басталған. Оған 28 елден 413 спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғауда. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или