Милад Карими Азия чемпионатында екінші орын алды

Милад Карими Азия чемпионатында екінші орын алды

Монғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді.

Карими еркін жаттығудан өткен финалдық кезеңде алтын алған қытайлық гимнастпен бірдей 14.533 ұпай жинаған еді. Алайда, бағдарлама қиындығына байланысты бірінші орын қарсыласқа бұйырды. Үшінші орынға 14.400 ұпай иеленген жапониялық спортшы тұрақтады.

Еске сала кетейік, ертең Милад Карими тағы үш жаттығу бойынша финалда бақ сынайды. Сондай ақ, Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан жүлделі орындарға таласып көрмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или