Оралда таэквондодан Азия чемпионы жоғалып кетті

Оралда таэквондодан Азия чемпионы жоғалып кетті

Оралда жасөспірім спортшы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

<span> Облыстық Полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 16 жастағы Лиана Шарифуллақызы Кушкеева 16 маусым күні сағат 17.30 шамасында үйінен шығып кеткеннен оралмаған. </span>

<span>«Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оны іздеуге жеке құрам жұмылдырылды. Лиананы көрген адамдар болса, 8-711-92-18-04, 92-18-41, 92-18-42 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - деді департаменттің баспасөз қызметінен. </span>

<span>Полицейлердің айтуынша, Лиананың үстінде «S» жазуы бар көк түсті футболка, қара спорттық шалбар, аяғына қызғылт спорттық аяқкиім киген. Бойы 170 см, арықша келген, шашы қара, ұзын, ерекше белгісі - мұрнында меңі бар. </span>

<span>Айта кетейік, Лиана Кушкеева спорт саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. 2017 жылы Вьетнамда таеквондодан өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или