Басқа

Жаңа спорт министрі тағайындалуы мүмкін

Жаңа спорт министрі тағайындалуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау туралы Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасымен келісті. Бұл туралы палатаның ресми сайтында хабарланды.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Ақтоты Райымқұлова.  mks.gov.kz

Ақтоты Райымқұлова. mks.gov.kz

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігін Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер