Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында болды. Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9  раундтан өтті.</span>

<span>«Динара 15 елден келген 36 қарсыласынан басым түсіп, 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинады»,- деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясынан. </span>

<span>Бұл бәсекеге Қазақстан үш шахматшыны: ерлер секциясынан - Ринат Жұмабаевты, ал әйелдерден - Динара Сәдуақасованы және Гүлмира Дәулетованы апарды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или