Украина жастары әлем чемпионы атанды
Польшаның Лодзи қаласындағы «Видзева» стадионында 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ақтық ойында Украина мен Оңтүстік Корея кездескен. Украиналықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ли Кан Ин ойынның есебін ашып, корейлерді алға шығарған. Кейін Владислав Супряганың дублі мен Георгий Цитаишвилидің голы Украина жастарына жеңіс сыйлады.
Украина құрамасы турнирде жеңіліске ұшырамай, әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или