Абдуллаханов: Шеруге қатысқым келсе, велосипед пен сөмкесіз шығар едім

Абдуллаханов: Шеруге қатысқым келсе, велосипед пен сөмкесіз шығар едім

Маусымның 10-ы күні Алматыда полиция күші күзетіп тұрған Астана алаңы арқылы өтпек болған Арман Абдуллахановты билік өкілдері әй-шайға қаратпай велосипедінен күштеп түсіріп, көлікке салып алып кетті. Оның велосипедін басқа көлікке салды. Арманды полицияның ұстаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде лезде тарап, алматылық вайнерлер Instagram желісінде бұл оқиғаны әжуаға айналдырған видео жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты azattyq.org-ге сілтеме жасап.

Арман Абдуллаханов – заңгер, шахмат ойыншысы, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жаттықтырушы куәлігін алу үшін қазір магистратурада оқып жүр. Үш ұлының үлкені Ақназар Қажымұрат Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, биыл Гарвард университетіне оқуға түскен. Осы жазда АҚШ-қа жол жүргелі отыр.

Азаттық тілшісі Арман Абдуллахановпен балаларға арналған шахмат үйірмесі өтетін шағын бөлмеде кездесті. Осында сабақ беретін Арманмен үзіліс кезінде ғана сөйлесуге мүмкіндік болды. Тілшімен әңгіме арасында тәлімгер балалардың ойын барысындағы әрекетін де қалт жібермей ескерту жасап отырды. Балалар тақтаға бар назарын салып, шахмат партиясын талқылап отыр. Үлкендердің әңгімесінде шаруасы жоқ.

ÐÑман ÐбдÑллаÑанов ÑаÑÐ¼Ð°Ñ Ò¯Ð¹ÑÑмеÑÑнде балалаÑÒа ÑÐ°Ð±Ð°Ò ÓÑкÑзÑп ÑÒ±Ñ. ÐлмаÑÑ, 11 маÑÑÑм 2019 жÑл.

Полицияның қолына қалай түскені жайлы айтқанда Арман Абдуллахановтың езуіне күлкі үйірілді. Осы оқиғадан кейін достары мен таныстары оны "YouTube жұлдызы" атап кеткен. Ал ол өзіне мұндай атақтың керегі жоғын айтады.

- Бірден айтайын: бұл оқиғаға саяси сипат бергім келмейді, - дейді ол. – Әуелде болған оқиға туралы [әлеуметтік желіде] жазайын деп ойладым, бірақ эмоцияға беріліп жазсам объективті болмас деп, ол ойдан бас тарттым. Мен Қазақ мемлекеттік заң академиясын қызыл дипломмен бітіріп, қылмыстық құқық және криминология кафедрасында аспирантурада оқыдым. Сондықтан мені ұстаған кезде, шынымды айтсам, таңғалдым. Дүкенге дәл осы алаң арқылы барғанда маған ешкім тиген жоқ. Ал кері қайтып келе жатқанымда өткізбеді. Ақылға салар болсақ, егер митингіге қатысқым келсе, үйден велосипед пен нан, шырын және қант салынған сөмкесіз шығар едім ғой, - дейді ол.

Арманды Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген. Көлікте отырғанда полицияның рация арқылы "Алмалы аудандық полиция бөлімшесінде ұсталғандар көп отыр, бос орын жоқ" деп хабарлағанын естіген.

- Жетісу аудандық полиция бөлімшесінде де адам өте көп екен, у-шу болды. Мені әкелген полиция қызметкері "Жұртпен бірге ол жаққа кірме, үндемей осы жерден кетіп қал" деді. Полицияда да кездейсоқ адамдар ұсталғанын түсінетінін жөні түзу қызметкер кездеседі. Осылайша мен ол жерден кетіп қалдым. Яғни, бұл "жартылай ұстау" болды. Ұсталғаныммен, бөлімше ішіне кірген жоқпын, - дейді Арман Абдуллаханов.

"Велосипед пен азық-түлік салынған сөмкені қайтарып алудың да сәті түсті. Бірге оқыған заңгерлердің ішінде "маңызды қызметте отырған азаматтар бар", солардың арқасында велосипедім Медеу аудандық полиция бөлімшесінен табылды" дейді Арман.

Шахмат үйірмесінен шыққаннан кейін Арман Абдуллаханов өз ауласына асығады. Ол аптасына үш рет ауладағы спорт алаңында балаларды грек-рим күресіне баулиды. Жаттығуға ауладағы жасөспірімдер, жақын маңда тұратын достарының балалары мен өзінің үш ұлы: жақында Гарвардқа оқуға кететін 17 жастағы Ақназар, 13 жастағы Әлішер мен 11 жастағы Абдулрахман қатысады.

Арман ұлдарын жалғыз өзі тәрбиелейді - бұрынғы әйелі екеуінің ортақ шешімі солай болған.

Балалар алаңда доп қуалап, жаттығуға дайындалып жүргенде, Арман жас кезінде өзі қызыққан күреспен айналысып, Қазақ ССР-і жасөспірімдер чемпионатында екі мәрте жеңіске жеткенін, тіпті елдің жасөспірімдер құрамасының мүшесі болғанын еске алды. Ал қазір жаттықтырушы болып ресми қызметке орналасу үшін магистратураға түскен.

ÃÃüðý ÃñôÃûûðÃðýþò ÿþúð÷Ãòðõà ÿÃøõüà óÃõúþ-ÃøüÃúþù ñþÃÃñÃ. ÃûüðÃà 11 øÃýÃ.

- Спорттың кез келген түрі – тәрбие, - дейді ол. - Адамды жігерлі болуға қалай үйретесіз? Әлбетте, өзіңді жеңе білу және денеңді шыңдайтын жаттығулар арқылы үйретуге болады. Ұлым әлемнің үздік университетінде білім алса деп армандадым. Шынымды айтсам, басында оның бакалавр дәрежесін шетелде оқуын құп көрген жоқпын. Алдымен Қазақстанның мықты университетінде білім алып, кейін магистратурасын шетелде жалғастырар деп ойлағам. Бірақ балам менімен ашық сөйлесті. "Гарвардта Нобель сыйлығы лауреаттары сабақ береді. Күрес тілімен айтсақ, бұл екі түрлі салмақ дәрежесі екенін түсінесіз ғой" деді.

Осы кезде балалар өзара жұп-жұпқа бөлініп, күресе бастады. Арман сырттай бақылап, балаларға ескерту жасап тұр. "Қаттырақ ұста, Данияр! Тым алыс! Кеудеңді теңестір, аяғыңды түзу ұстама, сәл бүк!" дейді жаттықтырушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или