Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалға жолдама алды.
Классикалық садақ ату жарысында Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев сәтті өнер көрсетті.
Чемпионаттың 1/16 кезеңінде біздің спортшылар Финляндия құрамасымен кездесіп, 5:4 жеңіске жетті. Келесі айналымда Қазақстан АҚШ мергендерімен кездеседі.
Айта кетейік, чемпионат Нидерландының Хертонгебос қаласында өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или