«Әлсіздердің әлсізі»: Сан-Марино — қандай құрама?

«Әлсіздердің әлсізі»: Сан-Марино — қандай құрама?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің төртінші туры аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұған дейін біздің құрама өз тобында үш ойын өткізді. Алдымен өз алаңында Шотландия құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін Ресейден 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал 8 маусымда сырт алаңда Бельгияға 0:3 есебімен жол берді.

Ал Сан-Марино барлық кездесуде қарсыластарынан ұтылды. Атап айтқанда, Кипрге 0:5, Шотландияға 0:2, Ресейге 0:9 есебімен есе жіберді.

Сан-Марино құрамасы - әлемдегі ең әлсіз құраманың бірі. FIFA-ның соңғы рейтингінде 211 құраманың арасында ең соңғы орында тұр. Аталмыш екі жылдан бері гол соға алмай келеді. Олар соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Әзірбайжанға гол соққан. Жалпы есепте Әзірбайжан құрамасы 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Сан-Марино тарихындағы ең үздік бомбардир Энди Сельваның құрама сапында 74 матчта бар жоғы 8 гол соққан. Аталмыш голды соғуға Сильваның 18 жыл уақыты кеткен.

Құрама өз тарихында бар-жоғы 23 гол соққан екен. ФИФА сапына кірген бастап 32 жыл уақыт ішінде Сан-Марино өз қақпасына 676 гол жіберіп алған. 1998-2013 жылдары аралығында құраманы баптаған Джампаоло Мацца «Жеңілу – біздің тағдырымыз» деген екен.

Сан-Марино құрамасы бүгінге дейін әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде барлығы 66 ойын өткізді. Нәтижесінде екі мәрте тең түсіп, қалғанының барлығында қарсыласына есе жіберді. Аталмыш турнирде олардың ең ірі жеңілісі ретінде 2001 жылдың 28 ақпанында сырт алаңдағы Бельгиямен өткен ойындағы 1:10 есебі тіркеліп отыр.

Сан-Марино құрамасы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінде барлығы 69 ойын өткізді. Олар бір мәрте өз алаңында 2014 жылдың 15 қарашасында Эстониямен 0:0 есебімен тең түсіп, қалғанының барлығында жеңілді. Бұл турнирдегі ең ірі жеңілісінде 2006 жылдың 6 қыркүйегінде Германиядан 0:13 есебімен жол берген.

Бұл мемлекеттің футболда жол болмау себебі - әлемдегі ең шағын мемлекеттің бірі болуы. Бұл ел дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 190-орынды иеленеді. Халық саны - 33 мыңнан астам.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары бұған дейін бірде-бір мәрте кездесіп көрген жоқ. Сондықтан, бүгінгі ойын екі құрама арасындағы тарихи матч ретінде тіркеледі. Кездесу 11 маусым күні 19:50-ден бастап Qazsport арнасының тікелей эфирінде.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер