Бокс

Букмекерлер Головкин - Роллс жекпе-жегінің фаворитін атады

news-banner7
mobile-news-top

Букмекерлік кеңселердің пікірінше, Головкин - Роллс жекпе-жегінде канадалық боксшының жеңіске жетуге ешқандай мүмкіндігі жоқ, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшылар Головкиннің жеңіске жету мүмкіндігін 1,03 коэффициентпен бағалап отыр. Бұл шамамен 100% ықтималдыққа жақын. Ал канадалықтың жеңісіне 19,5 коэффициент ұсынылған. Бұл Роллстің жеңіске жету ықтималдығы - 5% деген сөз. Сонымен қатар, жекпе-жек тең нәтиже 34,0 коэффициентпен бағаланған. Бұл жағдайдың орын алу мүмкіндігі - 2%.

Букмекерлік кеңселер Геннадий Головкиннің 3-ші немесе 4-ші раундтағы жеңісіне 7,5 коэффициент ұсынып отыр. Ал жекпе-жек 12 раундқа жалғасады дегенге 25,0 коэффициент берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер