Милад Карими әлем кубогіндегі екінші медалін еншіледі

Милад Карими әлем кубогіндегі екінші медалін еншіледі

Қазақстандық Милад Карими Коперде (Словения) спорттық гимнастикадан аяқталған әлем кубогі кезеңінде екінші медалін жеңіп алды. 

Отандық гимнаст қоссырықпен жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді. Каримидің ақтық сындағы өнерін төрешілр 14.050 ұпайға бағалаған. Ал бұл жаттығуда бірінші орынды кипрлік Илиас Георгиу (14.300) иеленсе, испаниялық Джоэль Плата 13.800 ұпаймен қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ, Карими қол тіреп секіруден өткен финалдық сында сегізінші орыннан көрінді. 

Осылайша, қазақстандық гимнастар Копердегі әлем кубогінен үш медаль жеңіп алды. Кеше Милад Карими еркін жаттығуда, Ілияс Азизов гимнастикалық ат снарядында күміс жүлдегер атанған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или