Атыраулық спортшы әлем чемпионы атанды

Атыраулық спортшы әлем чемпионы атанды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында 60 кг салмақта ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ұлан Мұқашев чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Жерлесіміз әлем чемпионы атағы үшін 5 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Өзбекстан, Ресей және Молдова спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда Беларусь спортшысынан басым түсті. Ал ақтық сайыста екі жыл бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік спортшыны тізе бүктірді. </span>

<span>Облыс аға жаттықтырушысы Хайдар Есенғалиевтің айтуынша, бұл Ұлан Мұқашев қатысып отырған төртінші әлем чемпионаты. </span>

<span>«Осыдан екі жыл бұрын Ұлан әлем чемпионатының ақтық сынында Ресей спортшысы Дмитрий Казигашевтен  ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Бұл жолы кеткен есені қайтарып, сол спортшыны ақтық сында ұтты», - дейді аға жаттықтырушы.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или