Астанада онкологиялық ауруды жеңген балалар жарысқа қатысады

Астанада онкологиялық ауруды жеңген балалар жарысқа қатысады

Балаларды қорғау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 маусым күндері «UMC» КҚ «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының онкология және бүйрек пен бауыр трансплантациясы бөлімшелерінің бұрынғы пациенттері арасында "Чемпиондардың алғашқы республикалық ойындары" атты спорт жарысы өтеді. 

<span>Жарыстар жеңіл атлетика (жүгіру, 60 м), «Асық ату» ұлттық ойыны, үстел теннисі, ату (пневматикалық винтовка, 10 м), футбол (мини-футбол), шахмат (Швейцария жүйесі бойынша), боулинг секілді спорт түрлерінен өтеді. Ойынға 3 жастан 16 жасқа дейінгі ауруды жеңген 106 бала қатысады. Аталған іс-шараның басты мақсаты - аурумен ұзақ уақыт бойы күресіп, оны жеңген балаларға өмірге қайта оралуға және аяғынан тұруға көмектесу.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или