Картингтен ҚР чемпионатының 1-кезеңі өтеді
Sokol Racing Company ұйымдастыруымен 2 маусымда картингтен Қазақстан Республикасының чемпионатының I кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Чемпионат «Сокол» спорттық-жаттығу кешенінде болады. Шабандоздар үздік әрі жылдам атану үшін тартысқа түссе, барлық ниетті қатысушылар үшін ралли және дрифт такси рұқсат етілген.
Қазақстан Республикасының чемпионатының I кезеңі елорда уақыты бойынша 12:00-де басталады. Анықтама үшін телефон: 7 777 238 77 55.

СТК Sokol автодромының жалпы ауданы 205 гектарды құрайды. Кешен Алматы - Астана тас жолының 76-шақырымында Іле ауданының аумағында орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или