Иван Иванов ядро лақтырудан Таиландта алтын алды
Қазақстандық жеңіл атлеттер Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирін аяқтады. Біздің спортшылар төрт алтын медальға қол жеткізді.
Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші алтынды ядро лақтырушы Иван Иванов жеңіп алды. Ол 18.95 метр көрсеткішімен қарсыластарынан озып, топ жарды. Екінші орында тайпейлік Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында малайзиялық Мұхаммад Золкефли (16.71).
Айта кетейік, Таиландтағы турнирге елімізден төрт спортшы аттанды. Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или