Сарымсақов: Қолаға қол жеткізгеніме қуаныштымын
Таэквондодан Манчестерде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов қолаға шексіз қуанышты екенін жеткізді.
- Екі жыл бұрын да үздік үштіктің қатарына енген едім. Әрине, алтынды алуға барынша тырыстым, бірақ, қолаға да қуаныштымын. Чемпионаттың ұйымдастыру деңгейі өте жоғары.
Ең қиыны португалдық спортшыға қарсы төбелесу болды. Соңғы турда 2016 жылғы Олимпиада чемпионымен кездестім. Иордания елінің өкілі өте мықты, әрі, жас. Бұған дейін екі рет кездестім. Сол кезде-ақ байқағанмын.
Медаль мен үшін өте қымбат. Қызу қолдау көрсеткен жанкүйерлерге де алғыс айтқым келеді. Жеңісіме бапкерлердің қосқан үлесі де зор. Бұл жеңіс-ортақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или