Қайрат Сарымсақов қола жүлдегер атанды
Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Қайрат Сарымсақов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Алдымен Қайрат косоволық спортшыны 14:5 есебімен ұтса, кейін жапониялық қарсыласын 5:3 есебімен жеңді. Үшінші кездесуінде португалиялықты 10:7 есебімен тізе бүктірді. </span>
<span>Ширек финалда Сарымсақов аустралиялық таеквондошыдан 12:7 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.</span>
<span>1/2 финалда қазақстандық спортшы иорданиялық, Рио Олимпиадасының чемпионы Ахмад Абугауштан 3:7 есебімен ұтылып қалды.</span>
<span> Осылайша Қайрат Сарымсақов Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или